Кіріспе

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті – Маңғыстау өңірінде орналасқан толық деңгейлі мемлекеттік жоғары оқу орны, аймақтағы білім беру мен тәрбиелеудің, ғылым мен мәдениеттің басты орталығы.

Университеттің миссиясы: әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ете отырып, аймақтың және университеттің бизнес-үдерістеріне тартылған мамандар ресурсының заманауи талаптарына сай келетін, бәсекеге қабілетті және креативті ұрпақты жетілдірудің айрықша үлгісі қалыптасатын негізде ашықтық принциптерімен ғылым-білім беру қызметін жүзеге асыратын Каспий маңы өңірлік ғылым-білім беру хабын құру.

Пайымы: Каспий маңы өңірлік білім, ғылым мен мәдениеттің жоғары беделді және танымал, жетекші орталығы. Университет қызметінде басшылыққа алынатын қағидалар:

Transparency – ашықтық

Sincerity – ықыластылық

Creativity – креативтілік

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның сапалы да табысты істерін көпшілікке танымал етудің бірден-бір жолы – оның тарихы мен қазіргі жайы, табыстары мен мықты жақтары туралы барлық ақпаратты өзара сәйкестендіріп, бір ғана шағын белгі арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін brand (бренд) жасақтау.

«Yessenov University» бренді Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мақсатты аудиторияның мүдделеріне мейлінше сәйкес келтіре отырып, оқу орнының ішкі мазмұны мен сыртқы сипаты туралы бірыңғай жинақы және бірегей ақпарат беру арқылы университетті көпшілікке танымал ету мақсатын көздейді.

Бұл нұсқау «Yessenov University» брендінің өзіндік ерекшеліктері туралы жан-жақты және толық ақпарат бере отырып, таңбаны, қаріпті, түстерді, дизайнерлік нұсқаларды қолдану ережелерінің жиынтығы болып табылады.

Құрылысы


YESSENOV логотипі екі бөліктен тұрады: белгі және жазу. Бұл таңба мен белгіні бірге немесе бөлек пайдалануға болады.

Белгі - Y және U әріптерінен тұрады. Y - YESSENOV таңбасының бірінші әрпі. U - UNIVERSITY жазуының бірінші әрпі. U әрпінің ішінде сынық қошқар мүйіз орналасқан.



Таңбаның екі түрі бар. Екеуін де пайдалануға болады және оны белгісіз де пайдалана аламыз.

Өлшемі

Көлемі және бос орын



Университет атын дұрыс жеткізу үшін ешқашан қолтаңбаның көлемі 21мм-ден немесе 130 пкс-ден кіші болмау керек. Ал таңба мен белгі қатар тұрса, онда көлемі 30 мм-ден немесе 155 пкс-ден кіші болмау керек. Алүлкендігі қалауынша.

Университет таңбасын сурет немесе графикалық элемент қасында пайдаланған кезде бос орынды сақтау маңызды. Ол үшін бірінші Y әріпін таңбаның жан жағына қою керек.



Ал егер таңба мен белгіні бірге пайдаланған кезде YU белгісін логотиптің жан жағына қою керек.

Болмайды